Бас жаңалықтар
Павлодар алюминиі Өзбекстанға тасымалданады
13 Маусым 2019, 11:47 316

Павлодар алюминиі Өзбекстанға тасымалданады

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта өндірілетін қоспалы алюминий Өзбекстанға экспортталмақ. Сонымен қатар, Автрия, Германия және Пльша елдерінің нарығына шығу жоспарланған.

Бүгінгі күні қанатты металлдың алғашқы 45 тоннасы өзбек еліне жеткізілді. Арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиевтің айтуынша, Өзбекстан павлодарлық металлды фольга, сымдар сияқты қарапайым заттарды шығаруға қолданылады.

«Өзбекстан елімізбен шекаралас болғандықтан, тасымалдау бойынша қиындықтар туындаған жоқ. Алдағы уақытта көрші мемлекетке Қазақстан темір жолдары арқылы 65 тонналық партияны жөнелтпекпіз. Осылайша, қос бауырлас ел арасындағы сауда-саттық байланыс беки түспек», - дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Қоспалы алюминий өндірісіне қажет шикізат Қазақстан электролиз зауытынан алынады.

Еске салсақ, «Giessenhaus» кәсіпорны - еліміздегі қоспалы алюминий шығаратын жалғыз кәсіпорын. Осыдан үш жылбұрын ашылған өндіріс ошағы арнайы экономикалық аймақта 3,5 га жерді алып жатыр. Қазіргі уақытта зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы 18 мың тонна өнімді құрайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта алдағы бірнеше жылда экспортқа бағытталған 10-ға жуық кәсіпорын ашылады депа күтілуде.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық