Павлодарда «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 200-ге жуық өтініш түскен

27 Ақпан 2019, 18:56
2063
Бөлісу:
Павлодарда «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 200-ге жуық өтініш түскен

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет еткендер тарапынан екінші деңгейлі банктерге 169 өтініш түсті.

Жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге болатын өтініштердің  73-і мақұлданған. Ипотекалық несиелердің көлемі 667 млн. теңгені құррап отыр. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Аманолла Қозыбаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 300-ге жуық пәтер бар.

«Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға жекеменші құрылыс компаниялар мен қала құраушы кәсіпорындардың көмегімен шамамен 600 пәтер қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Сарыарқа» шағын ауданында 648 пәтерден тұратын сегіз несиелік үй бой көтереді», - дейді Аманолла Қозыбаев.

«Баспана» ипотекалық ұйымының облыс бойынша директоры Толқын Нұрмахиннің айтуынша, «7:20:25» бағдарламасына қатысу жөнінде еліміз бойынша 9652 өтініш қабылданған. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктер 66 млрд. теңгенің 5644 өтінішін мақұлдаған.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде бастапқы тұрғын үйлердің 80%-ы бұл бағдарлама шеңберінде несиелендіріледі. Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылым бар. Бағдарлама шарттарын түсіндіру мақсатында ауқымды ақпараттық кампания өткізілді. Бұл шараларға 6 миллионнан астам азамат қатысты. бағдарламаны іске асыруға сегіз екінші деңгейлі банк қатысады», - дейді Толқын Нұрмахин.

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

 
Өзгелердің жаңалығы