Бас жаңалықтар
Патрульдік полиция қызметкерлері қан тапсырды
12 Қыркүйек 2021, 19:10 84

Патрульдік полиция қызметкерлері қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қан тапсыруға қатысты.

Жол полициясы қызметкерлері үшін бұл саналы іс. Қызмет барысында олар апаттардан зардап шеккен адамдарды басқаларға қарағанда жиі кездестіреді, олар адам өмірін сақтау үшін қан құю қаншалықты қажет екенін біледі.

Бiз қызмет барысында жол-көлiк оқиғасына барып адамдардың ауыр жағдайда жатқанын көремiз. Қан орталығына қан тапсырып, адам өмірін арашалауға көмек көрсеткіміз келеді. Полиция қызметкерлері үнемі донор болып келедi және барлық азаматқа бұл жағдайға бей-жәй карамауға шақырамын, - деді патрульдік полиция батальонының командирінің орынбасары, полиция майоры Нұрбақыт Басаров.

Полиция департаменті хабарлағандай, барлық полиция қызметкері донорлықтың әдеттегі тәртібі талап еткендей, қан алу аппаратына қосылғанға дейін талдаулар тапсырып, дәрігерлiк тексерулерден өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...