Патрульдік қызметкерлер кроссовкамен жүретін болады

11 Маусым 2021, 13:32
1954
Бөлісу:
Патрульдік қызметкерлер кроссовкамен жүретін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерінің формасына қатысты қойылған сұраққа жауап беру кезінде айтты.

Қазақстандық полицейлердің жаңа формаға көшетіні туралы екі-үш жылдан бері айтылып жүр. Алайда олардың мундирлерінің ауысқаны байқалмайды. Форма ауыстыру мәселесі кейінге шегерілген бе?, - деді Хабар 24 арнасының журналисі.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ол министр болып тағайындалған кезде, ең алдымен, жұмыс стратегиясын, екінші біліктілік пен қызметкерлердің статусын, жауапкершілігін көтеру, тек содан кейін форма ауыстыру туралы міндет қойған. 

Биыл форманы ауыстыруға арналған жоба дизайны жасалуда. Жыл соңына дейін жұмыс аяқталса, алдымен патрульдік полиция қызметкерлерінің формасын ауыстырамыз. Формалар апробациядан өткен, ыңғайлы болу жағына көбірек көңіл аударылды. Тұрғындардың тыныштығы үшін көше, аула қауіпсіздігіне жауап беретін патрульдік полицияның киімі ыңғайлы болуы керек. Олар негізінен далада қызмет ететіндіктен, аяқ киім үлгісіне жаңа элемент – кроссовканы енгіздік. Сонымен қатар берцыны да киетін болады. Сондай-ақ формаларына қараңғыда жарық беріп, шағылысатын элементтер енгізіледі. Өйткені қызмет барысында автожол учаскелерінде де жұмыс істейді, - деді министр.
Бұған дейін Тұрғымбаев жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам жолда көз жұматынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы