Патрульдер жарысы мен эстафетаның жеңімпаздары анықталды

6 Наурыз 2021, 14:36
1136
Бөлісу:
Патрульдер жарысы мен эстафетаның жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қарулы Күштердің XVIII Спартакиадасы аясында Щучинск қаласында шаңғы жарысы басталды.

Сайыс бағдарламасында президенттік көпсайыс, патрульдердің командалық жарысы мен эстафетасы бар. 

Патрульдер жарысы мен эстафетаның жеңімпаздары анықталды

Патруль жарысы CISM (халықаралық әскери спорт Кеңесі) Дүниежүзілік қысқы әскери ойындары мен әскери қызметшілер арасындағы шаңғыдан әлем чемпионаттары шеңберінде өткізілуде. Қазіргі ережелерге сәйкес команда құрамында төрт адам болады. Олар капитан және патрульдің үш мүшесі. 10 шақырым қашықтықты еңсеру қажет, - деп түсіндірді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті - орталық спорт клубының төрағасы Айталап Құрғамбаев. 

Патрульдердің командалық жарысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Қарулы Күштер әскери колледжінің командасына бұйырса, Десанттық-шабуыл әскерлерінің спортшылары үздік үштіктің қатарына ілікті. 

Патрульдер жарысы мен эстафетаның жеңімпаздары анықталды

Патрульдер эстафетасында Қарулы Күштер Әскери колледжінің әскери қызметшілері жүлделі орынға ие болды. Екінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы, ал үшінші орынға 14776 әскери бөлімі табан тіреді.
Президенттік көпсайыстан жарыс жалғасуда. Жүлдеге 17 командадан тұратын әскер түрлерінен, тектерінен, өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ әскери оқу орындарынан келген 85 әскери спортшы бақ сынасуда.
 

Өзгелердің жаңалығы