Пәтер иелері кооперативінің орнын басқа бірлестік басады

16 Шілде 2021, 17:11
1040
Бөлісу:
Пәтер иелері кооперативінің орнын басқа бірлестік басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде енді көппәтерлі тұрғын үйлерді ПИК емес, Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі басқарады. Бұл туралы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков мәлімдеді.

Бүгінге дейін жаңа басқару формасындағы 7499 бірлестік құрылды. Тұрғын үй қатынастары саласындағы реформалар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға қатысты азаматтардың шағымдарына байланысты қабылданған болатын. Көппәтерлі тұрғын үйлерін толық басқару үшін пәтер иелері объектінің ортақ мүлкінің құрамын және әр пәтер иесінің үлесін анықтай отырып, кондоминиум объектісін тіркеуі қажет. Сондықтан пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өз үйінде МИБ немесе ЖС құру қажет екенін түсінуі тиіс, - дейді Нұрбек Серіков.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, оларды құру үшін біріншіден жиналысты өткізуге бастамашылық жасау қажет. Қатысушылардың саны пәтерлер немесе тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ үлгілік нысанға сәйкес, жиналысты шақыру туралы хабарлама рәсімдеу қажет.

Тұрғын үй инспекциясы да жиналысты өткізуге бастамашы бола алады. Екіншіден, өткізілетін жиналыс туралы хабарлама көпшілікке қолжетімді жерлерде 10 күн бұрын жариялануы тиіс. МИБ немесе ЖС басқару нысанын таңдау бойынша жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50%-ы қатысқан жағдайда заңды деп саналады және шешімдер қатысушылардың басым көпшілігінің келісімімен қабылданады, - дейді ол.

Қазір жұмыс істеп жатқан ПИК-терідің 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыс істеуге құқы бар екен.

Өзгелердің жаңалығы