Пашинян мина қойылған аумақтың картасын Бакуге берді

13 Маусым 2021, 20:51
1377
Бөлісу:
Пашинян мина қойылған аумақтың картасын Бакуге берді

Алматы, BAQ.KZ. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақта мина жасырынған аумақтың бір бөлігінің картасын Бакуге бергенін мәлімдеді.

Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары Баку 15 армян әскери тұтқынын мина жасырынған аумақтың картасына айырбастағанын мәлімдеген. Ол жерде танкіге қарсы 97 мың мина жасырынғаны айтылған. Кейін Пашинян Гегаркуник облысының тұрғындарымен кездескенде бұл ақпаратты растады.

Кеше армян қоғамы 15 баурымыздың үйге оралуына қатты қуанды. Алайда оппозиция алаңында аза тұту болды. Әзербайжан тарапына мина орналасқан аумақтың картасы берілді. Барлығы емес, бір бөлігі ғана,-деді Пашинян.
Өзгелердің жаңалығы