Партиялық жүйе жаңа даму сатысына көтеріледі - саясаттанушы

11 Мамыр 2022, 15:40
2172
Бөлісу:
Партиялық жүйе жаңа даму сатысына көтеріледі - саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев мәлімдеді.

Ол Конституциялық реформа халыққа түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Біз осы уақытқа дейін Көкшетау мен Қарағандыда болдық. Және еліміздің ірі қалалары Алматы мен елордамызда эксперттік клубтың талқылау отырысы  өткіздік. Әрбір өңірге барған кезде ол жердегі саясаттанушылармен және заң ғылымдарының мамандарымен ақылдаса отырып, қоғам белсенділерінің сөзін тыңдадық, -деді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы қандай ұсыныстардың жиі түсетінін айтты.

Көбіне қандай баптар өзгертіледі? Алда қандай жаңашылдықтар болайын деп жатыр? Қоғам тарапынан осындай сұрақтар бар, -деп атап өтті спикер.

Айтуынша, ең ауқымды өзгеріс мәслихаттардың рөлінің күшеюі. Сөзінше, конституциядағы өзгерістер партиялық жүйені жаңа даму сатысына көтереді.

Қазір аудандық, қалалық мәслихаттардың бәрі 100 пайыз мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Кезінде «партияға кіргіміз келмейді өзімізді қалай ұсынып сайланамыз» деген сұрақ туындайтын еді. Ал бүгінгі өзгерісті көріп отырсыздар. Облыстық мәслихаттардың 50 пайызы мажоритарлық, қалған 50 пайызы партиялық жүйе бойынша сайланады. Сондай-ақ облыс әкімдерінен кем дегенде екі кандидатура ұсынылады және облыстағы бүкіл мәслихат депутаттарының дауыс беру нәтижесінде облыс әкімі тағайындалатын болады, -деді Серікбаев Конституциялық реформа: «мемлекеттік басқаруды трансформациялау» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысында.

Өзгелердің жаңалығы