Партиялар үгіт-насихатқа дейінгі кезеңді тиімді пысықтады

8 Желтоқсан 2020, 19:15
2106
Бөлісу:
Партиялар үгіт-насихатқа дейінгі кезеңді тиімді пысықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген қазіргі сайлау алдыңғы сайлаулардан ұзақ үгіт-насихатқа дейінгі кезеңімен (51 күн) ерекшеленетінін айтты.

​Жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін де саяси жаңғырту, көппартиялықты дамыту және азаматтардың барлық санатының еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың қызметін жандандырады.

Қазіргі сайлау алдыңғы сайлаулардан ерекшеленеді, оның ерекшелігі - ұзақ үгіт-насихатқа дейінгі кезең (51 күн). Осы енгізілген норма барлық саяси партияға ұзақ уақыт бойы сайлау науқанына дайындалуға, сайлауалды тұғырнаманы әзірлеуге, партиялық инфрақұрылымды жетілдіруге мүмкіндік берді, - дейді ол. 

Оның айтуынша, партиялар үгіт-насихатқа дейінгі кезеңді тиімді және креативті түрде, оның ішінде онлайн режимде де пысықтады.

​«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда алғаш рет парламенттік тәжірибеге енгізілген ережелер - әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде 30 пайыздық квота көзделген. Бұл норма әйелдер мен жастарды Парламентке және жергілікті өкілді органдарға тартудың тиімді тетігі болады, мұның өзі олардың елдің қоғамдық-саяси процестеріне неғұрлым белсенді қатысуына жәрдемдесетін болады.

​Бүгінгі таңда жаңа көшбасшыларды, әсіресе стандартты емес шешімдер қабылдай алатын және жаңа инновациялық ұсыныстар мен идеялар енгізе алатын жастар арасынан жаңа көшбасшыларды ұсынудың заманауи тетігі бүкіл әлемде кандидаттарды іріктеудің ең демократиялық әдісі болып саналатын жаңа жұмыс түрлері болып табылады, - деді ол.
​Білім ордасы басшысының пікірінше, қазіргі негізгі міндет - «Мықты көшбасшылар - мықты партия» қағидаты бойынша нақты және мықты көшбасшыларды тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін әлеуметтік лифт құру, елді дамыту мәселелерін талқылауға және өңірлердегі жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтауға қалың бұқараны тарту. Бұл жаңашылдықтар партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы