Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті

22 Маусым 2021, 01:36
1755
Бөлісу:
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлық сайлау учаскелерінен алынған дауыстарды санағаннан кейін парламенттік сайлауда Никол Пашинянның  «Азаматтық келісімшарт» партиясы 53,92%-бен жеңіске жетті, экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы 21,04% дауыс жинаған.

Армения халқы біздің «Азаматтық келісім» партиямызға және маған, премьер-министр ретінде елімізді басқаруға мандат берді, – деді Никол Пашинян нәтижелер жарияланған соң.

Алайда «Армения» альянсын басқаратын экс-президент Роберт Кочарян сайлау нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді.

Арменияда парламенттік сайлау 20 маусымда өтті, оған 21 партия мен төрт блок қатысты.


Өзгелердің жаңалығы