Бас жаңалықтар
Парламенттегі әйелдердің саны көбеюі мүмкін
22 Сәуiр 2020, 11:35 616

Парламенттегі әйелдердің саны көбеюі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді Парламентте әйелдер мен жастар көбеюі мүмкін. Бүгін Мәжіліс осындай заң жобасын мақұлдады.

Желтоқсан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түскен саяси партиялардың орталық сайлау комиссиясына ұсынатын партиялық тізімінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квотаны қарастыру туралы ұсыныс жасаған болатын. Осыған байланысты Мәжіліске әділет министрі Марат Бекетаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

Қазіргі уақытта тиісті заңның болмауына байланысты сайлау тізіміне енгізілген адамдардың жалпы санынан әйелдер мен жастарға ұсынылған 30%-дық квотаның сақталуын қамтамасыз етудің қандай да бір нақты тетіктер жоқ. Сондықтан партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізу заңнамалық тұрғыдан бекітіледі екен.
Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квотаны қарастыру ұсынылады. Осы мақсатта сайлау туралы конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылады.  Қазіргі кезде әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігі әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қолжетімділігіне кепілдік беру үшін қажетті шаралар қабылдауда, - дейді Марат Бекетаев.
Оның айтуынша, партиялық гендерлік квоталар Еуропа елдерінде қолданылады екен.
Осындай ережелер Германия, Норвегия, Франция және Бельгияда кеңінен таралып, олар сайлау туралы заң деңгейінде бекітті. Соған байланысты халықаралық тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Тоқаев атап өткендей, біз жастардың парламентке және жергілікті өкілетті органдарына келуіне ықпал етуге тиіспіз. Осы бөліктегі заңнамалық түзетулер, қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қабілетті жастарды да саясатқа белсенді тартуға мүмкіндік беретін болады, - деді министр.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...