Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер

11 Тамыз 2020, 22:17
1114
Бөлісу:
Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12 тамызда елдің барлық облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 17 депутатының сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00) https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/diagram.php;

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/preliminary_results.php.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.


Өзгелердің жаңалығы