Парламент Мәжілісінің депутаттары тіркелді

14 Қаңтар 2021, 11:27
1270
Бөлісу:
Парламент Мәжілісінің депутаттары тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының отырысында 10 қаңтарда сайланған VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу жүзеге асырылды. 

Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бақылу кезектілігі саяси партияның басшы органы сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей айқындайды. «Ақ жол», Nur Otan және «Қазақстан Халық партиясы» саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12-13 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясына ұсынылыды, - деді Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова.

Осыған байланысты «VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды. 

Қаулығы сәйкес, Парламенті Мәжілісінің 107 депутаты тіркелді. Оның ішінде: Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 12 депутат; Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етіп, оларға Республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органында табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы