Парижде шеруге шыққандарды полиция күшпен таратты

1 Тамыз 2021, 18:46
4951
Бөлісу:
Парижде шеруге шыққандарды полиция күшпен таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж тұрғындары міндетті вакциналауға қарсы бас көтерді. Көшеге шыққан азаматтар ковид-төлқұжаттың енгізілуіне де наразы. 

Алайда шерушілер шектен шығып, Париж полициясына шөлмек лақтыра бастаған соң, тәртіп сақшылары наразы топты күшпен таратуға көшті. Шеруге шыққандарға көзден жас ағызатын газ шашып, сутақыштар қолданды. 

Бірнеше адам қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы