Париждегі жарылыстан қазақстандықтар зардап шекпеген

13 Қаңтар 2019, 13:12
4522
Бөлісу:
Париждегі жарылыстан қазақстандықтар зардап шекпеген

Астана, baq.kz. Франция астанасында болған жарылыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы «Хабар24» телеарнасы Франциядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елшіліктің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Құтқару қызметі оқиға орнын тексеруде. 

Париж прокуратурасы тергеу ісін ашты. Соның негізінде жарылыстың негізгі себебі анықталады. Жақын жердегі қонақ үйге келушілер мен тұрғындар басқа жерге көшірілді. 

Билік өкілдері оларға уақытша баспана беретіндерін мәлім етті.

Айта кетейік, Кеше Париждің орталығында үлкен жарылыс болып, салдарынан 4 адам қаза тапқан. Оның екеуі өрт сөндіруші. Қазіргі таңда 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы 37 адам жеңіл жарақат алды.

Өзгелердің жаңалығы