Парацетамол дәріханаларға келіп түсті – Бюрабекова

1 Шілде 2020, 12:14
2606
Бөлісу:
Парацетамол дәріханаларға келіп түсті – Бюрабекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова "COVID-19 диагностикасымен қамтуды көбейту. Халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізуі туралы" сараптамалық брифингі барысында елдегі дене қызуын төмендететін дәрілік заттардың тапшылығына байланысты пікір білдірді.

Бір апта бұрын елімізде дене қызуын төмендететін, вирусқа қарсы дәрілік заттардың тапшылығына байланысты ажиотаж туындады. Біз нарықтағы дәрі тапшылығын жою үшін дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілермен жұмыс жүргіздік. Естеріңізде болса, елімізде эпидемия енді басталған кезде, халық маскаларды жаппай сатып ала бастады. Нәтижесінде маска тапшылығы орын алды. Біз отандық өндірушілермен келіссөздер жүргіздік, олар бөлшек сауда желілерге антибиотиктердің ірі партиясын шығарды. Сондай-ақ, антибактериялды препараттар вирустық инфекцияны емдеуге жарамайтынын еске салғым келеді. Бекітілген емдеу хаттамасында антибактериялды терапия тек стационарларда жатқан бактериялды инфекцияның қосылуы салдарынан дерті пневмонияға ұласқан науқастарға қолданылады. Сондықтан азаматтардан өздігінен емделу әдістерін жасамауын, вирусты инфекцияның белгілері байқалған жағдайда (дәрігердің нұсқауынсыз) антибиотик ішпеуін, қатаң түрде жадынама парақшалары мен чек-листтерде көрсетілген ереже бойынша шара қолдануын сұраймыз, - деді ол.

Вице-министр парацетамол дәрісі дәріханаларға келіп түскенін айтты.
Бүгіннен бастап дене қызуын түсіретін парацетамол дәрісі нарыққа келіп түсті. Дәрі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысындағы дәріханаларда қолжетімді. Апта соңына қарай барлық өңірлерге де жеткізілетін болады. Біз дәрімен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізіп отырмыз. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өңірлік департаменттері әкімдіктердегі мониторингтік топтардың құрамына қосылды. Олар бөлшек сауда орындарында дәрілік препараттардың бар-жоғын және бағасын бақылауға алады, - деді ол.


Людмила Бюрабекова дәрілердің бағасы шекті деңгейден көтерілген жағдайда әкімшілік жаза қоланылатынын айтты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дәрілік заттардың бағасын реттеу құзыреті берілген болатын. Бұл норма былтыр қолданысқа енгізілді. Осыдан кейін бағаны реттеу туралы ереже жасалып, көтерме және бөлшек сауданың шекті бағасы бекітілген еді. Қазір алты мыңнан астам дәрі түрінің қолжетімді бағасы ҚР ДСМ, комитет және оның өңірлік департаменттерінің ресми сайттарында көрсетілген. Сонымен қатар, «dari.kz» мобильді қосымшасы да жұмыс істейді. Онда дәрінің сертификатын, тіркелуін, қолдану ережелерін және бағасын көруге болады. Дәріханаларда дәрілер бағасының шекті бағадан көтерілгенін байқаған жағдайда, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне немесе комитеттің тікелей өзіне хабарласу керек. Заңбұзушылыққа қарсы әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ал, егер заңды екінші рет бұзса, фармацевтикалық қызметіне шектеу қойылады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы