СҚО-да "Парасаттылық мектебі" ашылды

21 Қараша 2019, 21:27
2570
Бөлісу:
СҚО-да "Парасаттылық мектебі" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында өңірлік жоғары оқу орнындағы оқу корпустарының бірін аралап, "Парасаттылық мектебінің" ашылуына қатысты.

Жемқорлықты қоғамда сенім атмосферасының орнауы және жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барлық белсенді азаматтарды кеңінен жұмылдыру арқылы ғана жою мүмкін. Әсіресе жастарды кеңінен тарту қажет. Парсаттылық мектебінің ашылуы соның бастауы, - деді Алик Шпекбаев.

Мұндай мектептердің ашылу бастамасын облыс басшылығы да қолдады.

Бүгін біз өңірлік университетте Парасаттылық мектебін ашу арқылы жаңа формациядағы жемқорлыққа қарсы қозғалысты бастайтын жас өкілдерді даярлайтын боламыз. Жазда оқу орнының студенттері Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында "Парасаттылық мектебін" тәмамдады. Курстардың қорытындысы бойынша Академия филиалы сарапшыларының менторлігімен өз жобаларын қорғады. Осы жастарға сенім артамыз, - деді ашылу салтанатына қатысқан, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Мәртебелі меймандарды академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен комплеанс-офицер Наталья Побежук таныстырды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Академиялық адалдық лигасын құруда алғашқылардың бірі болды. Университет 2018 жылдың 7 қарашасынан бастап республикамыздың 12 университеттермен қатар, аталған Лигаға мүшелік етеді. Университетіміз өз жұмысын әділдік пен парасаттылық принциптерін негізге алып жүзеге асыруда, - деді Наталья Побежук.

Сонымен қатар, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жабдықтарымен қамтамасыз етілген "Робототехника" зертханасын көрсетті.

Онда тек студенттер, болашақ информатика мұғалімдері ғана емес, қала оқушылары да ғылыммен айналыса алады. Білімгерлер зманауи роботтарды модельдеу, оларды құрылымдық бөліктерден құрастыру, бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдану, білім беру дизайнерлерінің негізінде роботтық жүйелерді бағдарламалау саласындағы білім жүйесін студенттер үйренуде.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының оқу орнына келуі алғаш емес. Соңғы сапарында оған Студенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі таныстырылған еді.

Шара соңында Алик Шпекбаев түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу арқылы жастар арасында парасатты ортаны қалыптастыру маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы