Паралимпиадалық жаттығу орталығы айына 3,5 мыңға жуық адам қабылдайды

15 Сәуір 2021, 20:05
1725
Бөлісу:
Паралимпиадалық жаттығу орталығы айына 3,5 мыңға жуық адам қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол жерде спорттың 17 түрі бойынша жаттығулар өткізіледі.

Халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы 2018 жылы ашылды. Бүгінгі таңда бізде спорттың 17 түрі дамыған. Олардың бәрі ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін ақысыз жүргізіледі. Біздің орталыққа күн сайын 150-ге жуық адам келеді. Мұнда 3 негізгі зал бар – жаттығу, ойын және жекпе-жек залы. Сондай-ақ, келушілерге сауна және массаж қызметтері қарастырылған. Орталық ұсынатын барлық қызмет ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін тегін көрсетіледі, - деді "Каспий" спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Орталықта үстел теннисі, пара дзюдо, пара каратэ, пара таэквондо, йога, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бочча, голбол, пара бадминтон, отырып ойнау волейболы, дартс, пара пауэрлифтинг, пара черлидинг, пара грэпплинг және пара армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіледі.

Ғимараттың жалпы ауданы 4 682,70 ш.м. Қазіргі уақытта орталық айына 3 400-ден астам адамды қабылдайды.

Мен орталыққа 2018 жылы ашылғаннан бері келіп жүрмін. Бұл біз үшін, яғни мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте ыңғайлы. Мұнда барлығы қарастырылған, киім шешетін бөлмелер кең, сол сияқты жуынатын бөлмелері де қарастырылған. Осындай орталық ашқанына алғысым шексіз, - деп атап өтті орталыққа келуші Асқарбек Бөлегенов.

Өзгелердің жаңалығы