Пара волейболдан ел құрамасы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

15 Маусым 2019, 19:43
1138
Бөлісу:
Пара волейболдан ел құрамасы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пара волейболдан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз қола жүлдеге ие болды. 


Ұлттық құрама бірінші ойында Жапония спортшыларымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. Келесі ойынды Камбоджаға қарсы  өткізіп, тағы да 3:0 есебімен басым түсті. Қытай құрамасымен болған ойында қазақстандық спортшылар қарсыластарына есе жібергенімен, келесі кездесуде алаң иелері тай споршыларынан басым түсті.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея спортшыларымен өзара мықтыны анықтады. Спортшыларымыз айқын басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Азия чемпионатына Иран, Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайланд, Камбоджа секілді 7 команда қатысты.

Құрама команданың бас бапкері Бауыржан Таxауов бұл жолы отандастарымыздың Токиода өтетін жазғы пара ойындарына лизенция ала алмағанын, алайда АҚШ-та өтетін әлем кубогынде лицензия алу үшін бар күштерін салатындарын айтты.

Әлем кубогына 8 команда: Азиядан Қазақстан мен Ирак, Еуропадан Украина, Германия, Голландия, Хорватия, жарыс иелері АҚШ командалары қатысады. 

 "Лицензия үшін таласамыз. Жігіттер алады деп ойлаймын. Жігіттердің ұтып жүрген командалары қатысады. Бұл - спорт. Не болғанда да барлық күшімізді саламыз", - деді ұлттық құраманың бас бапкері.


Өзгелердің жаңалығы