Para Powerlifting–2019. Қазақстан құрамасы Токио Паралимпиадасына екі жолдама алды

19 Шілде 2019, 13:30
1211
Бөлісу:
Para Powerlifting–2019. Қазақстан құрамасы Токио Паралимпиадасына екі жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық пара атлеттер Раушан Қойшыбаева мен Давид Дегтярев Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Давид Дегтярев әлем чемпионатының алғашқы күнінде 49 кг салмақ дәрежесінде 162 кг нәтижемен 5-орын алды.

Раушан Қойшыбаев ӘЧ бірінші күнінде 7-орын алды. Ол 67 кг дейін салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Алғашқы мүмкіндікте 117 кг көтерді, екінші және үшінші мүмкіндіктерінде 122 кг көтергенін төрешілер есепке алмады.

Спортшылардың осы нәтижелері оларға Токио-2020 Паралимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік берді.
Өзгелердің жаңалығы