1 млн теңге пара алған шенеунік 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

20 Қаңтар 2020, 11:37
1580
Бөлісу:
1 млн теңге пара алған шенеунік 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтпаев қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.


Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұрын "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы К. Ш. Кунедиловаға қатысты тергеу жүргізілді.
Ол "Хлебстрой" ЖШС-ның Қарағанды филиалы бойынша директорынан 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі ақшаны сенімге кіріп, алдап алмақ болған. Осыған қоса ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қалған қаражатты аудару туралы актіге қол қойғаны үшін айыпталды, - делінген хабарламада.

17 қаңтар күні Сәтбаев қалалық сотының үкімімен шенеунік алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Өзгелердің жаңалығы