Пандемиядан кейін біз жаңа әлемге қадам басқалы отырмыз – Сарабеков
15 Қараша 2021, 11:17 104

Пандемиядан кейін біз жаңа әлемге қадам басқалы отырмыз – Сарабеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков «Астана клубының» алтыншы отырысының кулуарында айтты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – пандемия. Жалпы әлем халқын алаңдатып отырған ең өзекті мәселе осы болып отыр. Пандемиядан қашан шығамыз? Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру процесі қалай жүреді? Пандемядан кейін біз жаңа әлемге қадам басқалы отырмыз. Ол әлем қандай болмақ? Оның ережелері қандай болады. Осы сұрақтарды сарапшылар талқылайды. Алтыншы отырыс аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы сессия ұйымдастырылады, - деді Жұмабек Сарабеков.
Сарабеков атағандай, сессия барысында еліміздің жүріп өткен 30 жылдық жолына қорытынды жасалады.
Қазақстанды алдағы уақытта қандай қауіп-қатер мен мүмкіндіктер күтіп тұрғаны, қай бағытта қозғалуымыз керек деген мәселелер талқыланады. «Астана клубы» – халықаралық ұйым емес. Әлемнің үздік сарапшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, зияткерлік қауым өкілдерін Қазақстанның астанасына жинап, алаңдататын мәселелерге қатысты пікірін білеміз, - деді ол.
Оның айтуынша, отырыс 3 күнге жалғасады.
Бұл 3 күнде жаһандық ауқымды мәселелерді шеше алмайтынымыз белгілі. Бірақ өзімізге қажет сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта мемлекеттік саясатты жоспарлауға қосымша көмек ретінде сарапшыларды шақырып отырмыз. Шараға Нобель сыйлығының лауреаттары, Ауғанстанның бұрынғы президенті сынды спикерлер қатысады,- деді Жұмабек Сарабеков.



Фото: автордан
Загрузка...