Бас жаңалықтар
Пандемияда сатып алынған барлық дәрі-дәрмектің бағасы реттеледі – Жұманғарин
21 Сәуiр 2021, 18:55 201

Пандемияда сатып алынған барлық дәрі-дәрмектің бағасы реттеледі – Жұманғарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты. 

Жалпы мемлекеттік реттеу - бұл мемлекет қолданатын төтенше шара. Біздің елімізде барлық дәрі-дәрмек бағаны реттеуге жатады, бұл өз кезегінде бизнеске үлкен жүктеме болып табылады және нарықты тартымсыз етеді, - деді Серік Жұманғарин.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы айтқандай, дәрі-дәрмектер нарығы реттелетін болады. 

Біз мемлекет пен МӘМС, КТМКК аясында сатып алыған барлық дәрі-дәрмек бағасын міндетті түрде реттейміз. Онда өндірушінің бағасы мен тіркеу, фармацияның көтерме сауда бағасы реттеледі. Сондай-ақ пандемия аясында сатып алынған барлық дәрі-дәрмек реттеледі. Ол тек коронавирусқа қатысты ғана емес. Себебі «жаман айтпай, жақсы жоқ», - деді ол.

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына ұсынып, одан қолдау тапқан шешім туралы айтты. 

Біз денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 6500 дәрі-дәрмектің ішінен қайсысын реттейтінімізді анықтаймыз. Реттеуді ақырындап жүзеге асырамыз. Себебі қазір бірдеңені реттесең, баға бірден өсіп кетеді. Ол адамдарға әсер етеді. Себебі бір дәрі-дәрмек бағасын реттеп, нақты баға бекітілгенде, оның бағасы 30-35 пайызға қымбаттап кеткенін көрдік. Бастапқыда масканың бағасы 100 теңге болды. Президент маска мен ПТР-сынаманың бағасын төмендету бойынша тапсырма берді, - деді ол.

Ол атағандай, бастапқыда халық сынама бағасының қымбатшылығына байланысты тапсырмады. 

Ол кезде баға 18 мың теңге тұрды. Сараптама жасап, компанияларды шақырдық. Олармен дұрыс жұмыс істеу бойынша келістік. Баға бірден 9 мыңға түсті. Қазір ПТР-сынама 6500 теңге тұрады. Франшизасы бар компаниялар сынаманы жеткізу үшін алады. Онымен есептегенде 7200-7500 теңге тұрады, - деді Серік Жұманғарин. 
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда болатыны хабарланды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...