Пандемияда 57 мыңнан астам шағын және орта бизнес жабылған

5 Желтоқсан 2020, 05:40
1161
Бөлісу:
Пандемияда 57 мыңнан астам шағын және орта бизнес жабылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде, нақты айтсам 1-ші наурыз бен қарашаның біріне дейін елімізде 57 мың шағын және орта бизнес жабылып қалған, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның 99 пайызы – микро кәсіпкерлік. Субъект санына келсек 800 мың іскер адам зардап шеккен.

Депутаттардың айтуынша, мәселені шешу үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету керек. Бүгінде бизнестің шағын түрін несиелеу нашар деңгейде. Мәселен, республика бойынша 1 млн 300 мың микро кәсіпкерлік болса, соның 30 мыңына ғана займ берілген.


Өзгелердің жаңалығы