Пандемия жағдайында сайлау өткізу оңай емес – тәуелсіз сарапшы

11 Қаңтар 2021, 11:25
1964
Бөлісу:
Пандемия жағдайында сайлау өткізу оңай емес – тәуелсіз сарапшы
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан пандемия жағдайында сайлау процесін жоғары деңейде ұйымдастырды. Бұл туралы РФ мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Умахан Умаханов шетелдік тәуелсіз сарапшылардың брифингінде айтты. 

Оның айтуынша, қазіргі күрделі эпидемиологиялық кезеңде санитарлық талаптарды сақтай отырып саяси науқан өткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан жүктің ауыр екені ескеріп, бұл міндетті абыроймен атқарып шықты. 

Өз басым 49 сайлау учаскесінде болдым. Сол учаскелердің бірде біреуінде бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Керісінше тұрғындардың да санитарлық талаптарды сақтауы, ұйымдастырушылардың олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныш заттарын таратуы, дезинфекция жұмыстарының қатаң жүргізілуі  көңілімізден шықты. Мұны бір жаңашылдық деп те атап өтуге болады, - деді ол. 

бриф1.jpeg

Сондай-ақ, Умахан Умаханов, бұл оның бірінші рет байқаушы болған сайлауы емес екенін атап өтті. 

Сондықтан салыстыра алатындай негіздеме бар. Дауыс берушілерге толықтай жағдай жасалды - ураналар, бюллетеньдерді шығару талапқа сай жүргізілді. Біздің әріптестер бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істеді. Олардан да қандай да бір өрескел қателіктер жайлы пікір естімедім, - деп түйіндеді сөзін ол.
бриф2.jpeg

Өзгелердің жаңалығы