Пандемия отандық туризм саласына айтарлықтай зиян келтірді

28 Мамыр 2020, 13:55
2853
Бөлісу:
Пандемия отандық туризм саласына айтарлықтай зиян келтірді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онайн брифинг кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты.

2019 жылдың нәтижесіне қарағанда мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторы бойынша өсім байқалады. Мысалы, орналасу орнын пайдаланған шетелдік туристер саны бойынша 18% (980 000 адам) өсім бар. Жергілікті туристер бойынша өсім көрсеткіші 12% (5,3 миллион адам). Сонымен қатар, орналасу орнының көлемі 270 жаңа нысанға артты, - деді ол.

Комитет төрағасы коронавирус пандемиясы отандық туризм саласына айтарлықтай зиян тигізгенін атап өтті.
Пандемия салдарынан елімізде енгізілген карантиндік шектеулерден туризм саласының шығыны биыл 80%-ға дейін жетуі мүмкін. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, туризмнен түскен қызметтер экспортының көлемі 2019 жылы 2,5 млрд АҚШ доллары мөлшерінде болған. Төтенше жағдай аяқталып, карантиндік шараларлар жеңілдетіле бастады. Бірқатар саланың жұмысы қайта жанданды, оның ішінде туризм саласы да бар. Дегенмен, толыққанды жұмыс істеуге әлі де болса кедергі болып отырған жайттар бар. Ол – блокпосттардың алынбауы. Турбизнес айрықша күтіп отырған жеңілдік шараларының бірі де осы. Бұл мәселе көп ұзамай шешімін тауып қалады деген сенімдеміз. Ол үшін барлығымыз карантин шараларын мұқият сақтауға тиіспіз, - деді ол.

Дастан Рыспеков еліміздің бас санитариялық дәрігерінің №37 қаулысына сәйкес, туристік операторлар мен туристік агенттіктерге еңбек ұжымындағы эпидемияға қарсы режим алгоритмдерін сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін айтты. 
Сонымен қатар, әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына  байланысты қонақүйлердің жұмысына рұқсат берілген. Тек алып келу қызметі, қызметкерлер мен қонақтарға көрсетілетін көлік қызметі, қызметкерлер мен қонақүйге келушілердің қауіпсіздік шараларын сақтауына қатысты алгоритмді мұқият орындауы шарт. 1 маусымға қарай шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар сынды туризм нысандардың жұмыс алгоритмі бекітілетіні көзделген. Олардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты айрықша шарттар қарастырылады. Бұл – бассейндер, жағажайлар, ойын-сауық аймақтары жұмыстарына арналған талаптар, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы