Пандемия кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары ұсынылды

17 Сәуір 2021, 19:29
1402
Бөлісу:
Пандемия кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қала әкімінің орынбасары Мақсат Кикимовтің қатысуымен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау елдің жұмыспен қамтылуын және экономикалық өсуін сақтаудың басты критерийлерінің бірі болып табылады. Дәл қазір пандемия кезеңінде отандық кәсіпорындарды қолдау бұрынғыдан да маңызды. Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев бастаған Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы қазақстандық тауар айналымына, сондай-ақ жергілікті қалалық кәсіпорындарды қолдау шараларына ықпал ететін бірқатар мәселені көтерді. 

Сонымен қатар отырыста «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында туындайтын мәселелер көтеріліп, жергілікті қамтуды бақылау бойынша мониторингтік топтар жұмысының нәтижелері қозғалды. 

Іс-шара барысында әкімнің орынбасары Мақсат Кикимов орын алған мәселелерге кешенді түрде қарауды және бас мердігерлердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен апта сайын кездесіп, әр жобаны және мердігерлерді егжей-тегжейлі зерделей отырып, әрбір жағдайды жеке қарастыратын Өңірлік кеңес мүшелерінен жұмыс тобын құруды ұсынды, - делінген хабарламада.

Өңірлік кеңес басшысы Максим Барышев мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі өзекті болып отырғанын атап өтіп, бұдан әрі ҚР Үкіметіне жіберілетін отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша шараларды әзірлеуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы