Бас жаңалықтар
Пандемия кезінде барлық дін өкіліне қолдау көрсетілді – Орыс православие шіркеуі
06 Қазан 2021, 15:31 1136

Пандемия кезінде барлық дін өкіліне қолдау көрсетілді – Орыс православие шіркеуі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысында Орыс православие шіркеуі Мәскеу Патриархатының дінаралық байланыс жөніндегі Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің хатшысы, дін қызметшісі Димитрий Сафонов айтты.

Пандемия таралғалы оның салдары тигендерге ерекше назар аударылды. Христиан болсын, мұсылман және басқа дінді ұстанатын азаматтарға көмек көрсетілді. 2020 жылдың көктемі мен жазында әлеуметтік осал топтарға азық-түлік қораптарын үлестірдік. Жақында ғана Дамаскіде жетім балаларға арналған мектеп салынды. Мұнда діндердің ынтымақтастығы, қол ұшын созуы және мұсылмандар мен басқа да дін өкілдерінің бір-бірлеріне өзара түсіністігін көруге болады, - деп айтты Димитрий Сафонов.
Ол православие шіркеуі халықаралық басқосуларда христиан өкілдерінің проблемаларын жиі көтеріп жүргенін айтты.
Бүгінгі таңда Нигерияда геноцид мәселесі қозғалып жатыр. Дін өкілдерінің қақтығысы салдарынан балалар мен әйелдер мерт болуда. Христиан өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шара қабылдап отырмыз. Сондай-ақ басқа елдерде де мұндай проблемалар бар. Мысалы, Африкада. Осынау проблемаларға халықаралық қауымдастықтарды тартуға ықпал жасап келеміз, - деді ресейлік дін қызметшісі Димитрий Сафонов.
Сондай-ақ ол қазіргі пандемия жағдайында әлем қиын жағдайда өмір сүріп жатқанына тоқтала кетті.
Орыс шіркеулері Қазақстанның Тұңғыш Президентін діндер арасындағы ынтымақтастықты және оған жұмсаған күш-жігері мен еңбегін атап өткісі келеді. Сондай-ақ іс-шараның ұйымдастырушыларға да ризашылығымды білдіремін, - деп сөзін қорытындылады Дмитрий Сафонов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...