Бас жаңалықтар
Пандемия кезеңінде ғылым мен білім саласының орны ерекше айқындалды – Аймағамбетов
12 Сәуiр 2021, 11:43 225

Пандемия кезеңінде ғылым мен білім саласының орны ерекше айқындалды – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара онлайн форматта өтіп жатыр.

Министр шара барысында ғалымдарды Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын дамытуды негізгі басымдық ретінде қарап, қолдау көрсетуде. Сондай-ақ егемендік алған жылдардан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым саласына үлкен қамқорлық көрсетті. Атқарылған жұмыстардың арқасында өзіміздің ғылыми әлеуетімізді сақтап қана қоймай, оны дамытуға мүмкіндік алдық. Осының арқасында бүгінгі күні ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге ғалымдарымыз жетіп жатыр. Әсіресе пандемия кезеңінде ғылым мен білім саласының орны ерекше айқындалды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ғылымсыз, ғалымдарсыз даму болмайтындығына тағы бір рет көз жетті, - деп айтты Аймағамбетов.

Ол атап өткендей, індетпен күрес кезінде еліміз де ғылым саласында үлкен жетістікке жетті.

Қиын уақытта шығу үшін бүкіл дүниежүзі вакцинаға қарап отыр. Вакцинация, ғылымның дамуы, ғылымның жетістігі. Вакцинаны дайындауға санаулы елдер ғана әлеуетін қолдана алды, соның ішінде біздің ел де бар. Ол да үлкен мақтанышпен айтатын ғылымның жетістігі. Бүгінгі күні біздің вакцинамыз үшінші клиникалық фазасына жетіп, жақсы нәтиже көрсетуде. Ол біздің ғалымдарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында, - деп атап өтті БҒМ басшысы.

Ғылымдағы әйел адамдардың үлесі 54%, ерлердің үлесі 46%.

Ғалымдарымыз еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Жалпы елімізде 22 мыңнан аса ғалым жұмыс істейді. Олардың 34%-ы жас ғалым, бұл да ғылым саласы дамуының жақсы көрсеткіші. Себебі жастар осы салаға келгені болашағымыздың зор екенін білдіреді, - деп түсіндірді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...