Пандемия: Бразилияда бір күнде қайтыс болғандар саны 3000-нан асты

18 Сәуір 2021, 08:45
1288
Бөлісу:
Пандемия: Бразилияда бір күнде қайтыс болғандар саны 3000-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлем елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аймақта ауруға шалдыққандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Пандемия басталғалы елде 369 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды.

Мамандар соңғы кездері вирусты 35 пен 50 жас аралығындағы тұрғындар жұқтырып жатқанын айтады. Бүгінде ауруханалардағы жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы. Дәрігерлер «медицина мекемелерінде дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар тапшы» дейді. Ал жергілікті билік халықты барынша сақтануға шақырып отыр.




Өзгелердің жаңалығы