Бас жаңалықтар
Пандемия басталғалы адамдар жиі қорқынышты түс көреді
06 Желтоқсан 2020, 10:13 687

Пандемия басталғалы адамдар жиі қорқынышты түс көреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар түсінде коронавирус инфекциясын жұқтырып алуға қорқады. Оянғаннан кейін көңіл күйі болмай, ашуланып тұрады.

Бразилия ғалымдары пандемия басталғалы адамдардың қандай түс көргендеріне анализ жасаған. Олар көрген түстерін мамандарға айтқан кезде ашулы болып, көңіл күйлері болмаған. 

Пандемия болмаған кезде мұндай жағдайлар сирек кездесетін дейді мамандар. Бұл туралы korrespondent.net сайты  Dazed Digital-ге сілтеме жасап хабарлады. 

Тәжірибеге қатысқан адамдардың сөзіне қарағанда, олар түсінде жеке басының гигиенасы мен адамдармен қарым-қатынасын көреді екен, сол себепті коронавирус инфекциясын жұқтырып алуға қатты қорқады екен. 

Мамандар 239 адамның түсіне сараптама жасаған, оның 208 пандемияның бірінші айына жатады.



Фото: дереккөз
Загрузка...