Пандемия аяқталған соң «Ashyq» тоқтай ма?

19 Сәуір 2021, 17:23
1908
Бөлісу:
Пандемия аяқталған соң «Ashyq» тоқтай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

Қазір бұл жобаның маңызы зор. Ал келешекте пандемиямен күрес сәтті аяқталар болса, біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, бұл жобаны өзге де мақсаттарға пайдалану жолын қарастыратын боламыз, - деді ол.

Ол бұған дейін «Ashyq» жобасы енгізілгелі бері 560 «қызыл» статусы бар азамат анықталғанын мәлімдеген еді.

Еске салайық, коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болатыны туралы 2 ақпанда хабарланған болатын. Ол «Ashyq» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады.

«Ashyq» қосымшасы бойынша пилоттық жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтарда Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жүзеге асырыла бастаған.

Өзгелердің жаңалығы