Пәкістанда таеквондодан халықаралық турнирде армия спортшысы алтын медаль жеңіп алды

9 Қараша 2021, 16:41
751
Бөлісу:
Пәкістанда таеквондодан халықаралық турнирде армия спортшысы алтын медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Жансель Дениз Исламабадта өткен «Pakistan Open International Taekwondo (G-1)» халықаралық турнирінде алтын алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы G-1 дәрежесіндегі сайыста түрлі елдер 500-ден астам атлет қатысып, 16 жиынтық медаль ойнатылды.

Армия спортшысы кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді, – деді Орталық армия спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық команданы даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.
Сайыс өткен елден бөлек, турнирге Ауғанстан, Албания, Непал, Иордания, Қазақстан, Оман, Мысыр, Иран, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сальвадор, Хорватияның үздік спортшылары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы