Пәкістанда болған құмды дауылдан 5 адам көз жұмды

15 Сәуір 2019, 18:15
1956
Бөлісу:
Пәкістанда болған құмды дауылдан 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанның Карачи қаласы мен маңындағы елді мекендерде құм аралас дауыл тұрып, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Оның екеуі кішкентай бала. Тағы 36 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Бұған дейін бір тұрғын қаза тауып, 10 кісінің жарқаттанғаны хабарланған еді.

Табиғи апаттан өңірде талдар құлап, электр сымдары үзілген. Бірнеше оқу ғимараты мен медресенің шатыры опырылып түскен.

Ойран салған дауылдан бес автобус пен жүк көлігі және полицей көлігі аударылып қалған.

Қазір жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы