Пәкістан Ауғанстанға үш ұшақпен гуманитарлық көмек жібермек

9 Қыркүйек 2021, 06:35
765
Бөлісу:
Пәкістан Ауғанстанға үш ұшақпен гуманитарлық көмек жібермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Мохаммад Садик Пәкістан Ауғанстанға гуманитарлық көмекпен үш ұшақ жіберетінін айтты, деп хабарлайды RT.

Пәкістан Ауғанстан халқына азық -түлік пен дәрі түрінде гуманитарлық көмек жіберуге шешім қабылдады. Үш (Lockheed) С-130 Ауғанстанға жіберіледі. Әуе көлігімен бірінші тікелей транштан кейін әрі қарай жеткізу құрлықта жалғасады, – деп жазды ол Twitter -де.

Садик Пәкістан үкіметі «Қазіргі қиын жағдайда ауған бауырларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды» деп атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы