Жалпы жаңалықтар
-
-
БҚО су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
Егістіктерден еріген қар суының үлкен көлемінің Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты оның толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
03.04.2024
-
Конституциялық сот: Жыл басынан бері мыңнан астам өтініш түсті
2024 жылдың бірінші тоқсанында Конституциялық соттың қарауына азаматтардан мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Қазақстанда мемлекеттік наградалар жүйесі жетілдіріледі
Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.04.2024
-
Су басқан елді мекендерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді
Вице-министр Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен Комитет, ҰCО, ҚДСҰО, аумақтық департаменттер мен обаға қарсы станциялар басшылығының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Су тасқыны: Депутаттар елмен бірге болады – Ерлан Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тағы бір топ депутат су алып жатқан өңірлерге барып, халықпен бірге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.04.2024
-
Елімізде доллар мен еуро бағамы өзгерді
Ұлттық банк 3 сәуірге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады
Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Қостанай облысында су ағынын тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
ТЖД құтқарушылары азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жалғастыруда
Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
03.04.2024
-
Астанада ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерт өтті
2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні өтеді. Осы күнге орай «Астана Опера» театрында "Күн бәріне жарқырайды" қайырымдылық концерті өтті, , деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
03.04.2024
-
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан аумағында жел күшейіп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті
Мамандардың айтуынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал, Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
3 сәуір, сәрсенбі күні 9 қалада метеорологиялық жағдай нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды
Алматыда ветеринарлық көлік паркі 16 жаңа бірлікпен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді
6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет сұралмайды
Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
-
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезияның Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастырып жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдул Кадир Джайлани екіжақты байланыстардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Индонезияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі сенімділік білдірді.
Тараптар достық, өзара сыйластық және әріптестік негізінде жан-жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға бейілділігін растады. Жоғарғы және аса жоғары деңгейлерде саяси диалогты тұрақта түрде жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың оң нәтижелері аталып өтті, оның көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларына жетті. Өзара тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар үлкен әлеуетке жауап бермейтінін атап өтіп, дипломаттар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға келісті. Келіссөздер барысында түрлі салалардағы нақты ұсыныстар мен жобалар талқыланды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы байланыстарды арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты.
Сондай-ақ, сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары туралы пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.
03.04.2024
-
Елордада әуесқой командалар арасында баскетболдан қалалық чемпионат өтті
Өткен демалыс күндері елордада әуесқой командалар арасында баскетболдан Астана қаласының ашық чемпионаты «Астана баскетбол лигасы» аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
03.04.2024
-
Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі
68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су өткізу құрылыстарын және арықтар жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.04.2024
Наверх