Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

14 Сәуір 2021, 16:48
3917
Бөлісу:
Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №9 қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Майра Рыспаева вакцинация басталмас бұрын телевизия, радио, емхананың жеке сайты арқылы халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтады.

Ақпарат «қалайда вакцина алу керек» деген бағытта емес, вакцинаның қандай әсері бар, әлемді жайлаған індетті қалай тоқтатуға болады, екпені кімдерге алуға болатыны, болмайтыны, екпе алғысы келетіндер қабылдауға қалай жазыла алатындығы жайында түсіндірме жұмыстары арқылы таратылды. Одан бөлек, емханаға кіреберісте де осы вакцинаға қатысты ақпараттық баннер орнатылды. Апта сайын тиісті мәлімет жаңарып тұрады. Біздің дәрігерлер кез келген сұраққа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беріп жатыр, - дейді ол.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

Эпидемиолог вакцина алғаннан кейін адам ағзасындағы антидене 4 аптада толық қалыптасатынын атап өтті.

Қазір алып жатқан вакцинамыз екі валентті. Бірінші дозасын алғаннан кейін 21 күн өткен соң екінші дозасын алу керек. Алайда түрлі жағдайға сәйкес, 21 күннен кейін вакцина алу уақытына үлгермей қалатын кездер болып қалса, тағы 7 күнге создыруға рұқсат етіледі. Бір компонентін алып қана қоймай, екіншісін де алу керек. Себебі бірінші компоненттен кейін адам ағзасындағы антидене толық қалыптасып үлгермейді, сондықтан, екінші дозаны алу міндетті. Антидене адам ағзасында 4 аптада толық қалыптасады, - дейді ол.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

Дәрігер вакцина алғаннан кейін азамат коронавируспен мүлде ауырмайды деген сөз емес екенін айтады.

Мысалы, біз ЖРВИ-ге қарсы вакцинаны да салдырамыз. Алайда, тұмау жұқтыруымыз әбден мүмкін, бірақ дерт жеңіл түрде өтеді. Бұл да сол сияқты. Оның үстіне COVID-19 жаңадан пайда болған індет болған соң ол әлі де зерттеліп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін адамның иммунитеті екі жылға дейін сақталады. Тағы бір айта кететін жайт – коронавируспен ауырып тұрған адамдар вакцинаны жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң ғана алуы керек. Себебі, бұл аралықта ағзада антидене сақталады, тек 6 айдан кейін ғана ол әлсірейді. Вакцинаны алты ай өткеннен кейін ғана саламыз дейтініміз содан, - деді ол.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

Вакцина алуға келген азамат ең алдымен тіркеуден өтеді. Одан кейін әркімге жеке нөмір беріледі. Әр азамат күту залында кезекпен шақырылады. Кезегі жеткен соң дәрігердің толық тексерісінен өтеді. Тек содан кейін ғана екпе алуға жіберіледі. Екпе салып болғаннан кейін күту залында тағы 30 минуттай дәрігердің бақылауында болады. 30 минуттың ішінде еш реакция байқалмаса, үйге жіберіледі. Азамат үйге жіберілгеннен кейін де дәрігерлер оны тағы үш күн бойы бақылауда ұстайды.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

№9 қалалық емханасы базасында 5 мобильді бригада бар. Оның екеуі жылжымалы. Әрқайсысында дәрігер, медбике және тіркеуші маман болады. 5 бригадада бас-аяғы 15 маман жұмыс істейді.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

Майра Сарбасқызы емханада тіркелген азаматтарды ғана емес, түрлі ұйымдардан немесе, egov арқылы өзі таңдап келген кез келген адамға вакцина салына беретінін айтты.

Вакцина қоры жеткілікті. Күніне 300-ден астам адамға екпе салып жатырмыз. Негізі ереже бойынша жылжымалы бригадалар күніне алпыс екпе салуы керек. Біздің емханада бригада көп болғандықтан күніне 300-дің үстінде саламыз. Екпе салып жатқандар арасында 20-30 аралығындағы жастар көп. Вакцина алған зейнеткерлер саны 200-ден асты. Мемлекеттік санитарлық дәрігердің алғашқы қаулысы шыққанда вакцина тек 60 жасқа дейінгі азаматтарға рұқсат етілген еді, қазір жас өлшемінде кедергі жоқ. Тек 18 жастан асуы керек, - дейді ол.

Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз – эпидемиолог

Вакцинаны таңғы 08.00-ден түнгі 00.00-ге дейін алуға болады. Демалыс күндері де бұл шара тоқтамайды. Маман екпе алғысы келетін азаматтар дәрігердің қабылдауына egov, Дамумед, Call-орталық және учаскелік дәрігерлер арқылы жазыла алатынын айтты.

Біз қанша жерден ақпарат таратқанымен, халық арасында түрлі қауесет жүретіні заңдылық. Бұған дейінгі шешек, қызылша індеттерін қалай тоқтаттық? Вакцинамен ғана алдын алдық. Ал коронавирус жаңадан шыққаннан кейін оның зерттелуіне талай жыл керек. Сондықтан жаппай екпе арқылы ғана бұған тосқауыл қоюға болады. Адам алдымен өзін сақтауы керек, өзіңізді сақтап, отбасыңызды сақтайсыз, отбасыңызды сақтау арқылы ортаңызды сақтайсыз. Өзіңізді, отбасыңызды, ортаңызды сақтасаңыз, қоғамды сақтайсыз, - дейді дәрігер.

Ол сонымен қатар азаматтарға қол жуу ережесін, маска тағу, арақашықтықты сақтау, көпшілік ортаға бармау деген сияқты қарапайым ережелерді ұстанудан артық ештеңе жоқ, дейді.

Өзгелердің жаңалығы