Бас жаңалықтар
Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мемлекеттің назары қажет - Тұрғынов
23 Қазан 2020, 06:49 172

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мемлекеттің назары қажет - Тұрғынов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табысы төмен азаматтарды кіріс салығынан босату ұсынылды. Бұл туралы Көкшетауда «Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар экономика дамуының нақты көрсеткіші» тақырыбында өткен қоғамдық талқылау барысында айтылды.

Қазақстанның коммунистік халық партиясының (ҚКХП) Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған шараға жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік кірістер басқармасының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының облыстық филиалы, Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімі өкілдері және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар қатысты. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мемлекеттің назары қажет. Мемлекет оларға үлкен көңіл бөлсе, онда өзін өзі жұмыспен қамтып отырған қаншама адамның жағдайы дұрысталар еді. Ол үшін ең бастысы, табысы төмен азаматтарды кіріс салғынан босату керек. Есесіне бұл жүктемені ірі кәсіпорындарға аудару керек. Екіншіден өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарға әлеуметтік баспалдақ ұсынып, білімдерін жетілдіруге көмектесу қажет. Халық коммунистері азаматтарға салық төлеуде тең мүмкіндік жасалуы тиіс деп есептейді, - деп атап өтті партияның облыстық филиалының төрағасы Олжас Тұрғынов. 

Сонымен қатар, жиында Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурский, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Смағұлова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Сандуғаш Алдабергенов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының облыстық филиалы басшысының орынбасары Ерқанат Мұсылманбек және Зеренді бағытындағы бақташылар серіктестігі қауымдастығының төрағасы Николай Лохмай сөз алып, азамттардың өзін өзі жұмыспен қамту бағытында орын алып отырған түйіткілді мәселелерді ортаға салды және оны шешу жолында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіріп берді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...