Полиция қазақстандық ауыр атлеттің өліміне қатысты іс қозғады

18 Қыркүйек 2021, 11:21
3666
Бөлісу:
Полиция қазақстандық ауыр атлеттің өліміне қатысты іс қозғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Өңірдің ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚК-нің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, 25 жастағы Альберт Линдер 17 қыркүйекке қараған түні қайтыс болды. Кейін БАҚ өкілдері спортшының неден көз жұмғанын жазған еді.

Ол жасөспірімдер арасында чемпион, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.
Өзгелердің жаңалығы