Өскеменге қатынайтын пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізілмек

20 Мамыр 2019, 12:13
2119
Бөлісу:
Өскеменге қатынайтын пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағытындағы жолаушы пойыздарының маршруты мен жүру кестесінің өзгеретіні туралы ескертеді. Бұл туралы компанияның баспасөз орталығы хабарлады.   

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №375/376 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер» бағытындағы жолаушы пойызының маршруты мен жүру кестесінің өзгеретіні туралы ескертеді.   

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан келіп түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік транспорты және де Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, №375/376 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер» бағытындағы пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізіп отыр. 

2019 жылдың 22 мамырынан бастап бұл құрам Семей-Шар-Өскемен арқылы жүретін болады (бұрын Семей-Локоть-Өскемен арқылы болатын). 

Сонымен қатар, № 086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» бағытындағы пойыздың маршрутына да өзгеріс енбек. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» вокзалынан қатынайды. 


Өзгелердің жаңалығы