Бас жаңалықтар
Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды
20 Қыркүйек 2020, 16:18 227

Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан үкіметінде аграрлық салаға жетекшілік ететін вице-премьер Уктам Барноев КВИ салдарынан болған асқынудан көз жұмды.

Бұл туралы мемлекеттің министрлер кабинетіне қарасты жедел штабы жексенбі күні хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Республикада алғаш рет COVID-19 жұқтыру жағдайы 15 наурызда тіркелген болатын. Тіркелген науқастар саны 51 235-ке жетті. Оның 429-ы қайтыс болды. 47 271 жазылып шықты. Тамызда науқастанғандар саны тәулігіне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда, қыркүйекте бұл көрсеткіш қайта көтерілді.

Уктам Исаевич Барноев коронавирус салдарынан болған асқынудан 56 жасында көз жұмды, - деп мәлімдеді жедел штаб өкілі. 

Барноев Өзбекстанның вице-министрі лауазымына осы жылдың ақпан айында тағайындалған еді. Бұған дейін ол Бұхар облысын басқарған. 





Фото: дереккөз
Загрузка...