Бас жаңалықтар
Өзбекстандық мамандар Түркістандағы тарихи орындарды қайта жаңартуға атсалысады
13 Маусым 2019, 21:53 354

Өзбекстандық мамандар Түркістандағы тарихи орындарды қайта жаңартуға атсалысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнының директоры Асылхан Садуов пен бас кеңесші Қанат Тұяқбаев Өзбекстан Республикасына арнайы іссапармен барып, бірқатар келіссөз жүргізді. 

Түркістан қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру аясында Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Madaniy meros ta’mirlash-tiklash" мемлекеттік кәсіпорны басшылығымен кездесті. 


Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету, ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу, білікті мамандарды қамти отырып бірлесе жұмыс атқаруға бағытталған меморандумға түзілді. 

Сондай-ақ, қайта қалпына келтіруге арналған  кірпіштерді даярлайтын өндірістік базаларды аралаған қазақстандық делегаттар құрылыс жұмыстарына қатысты көптеген мәселелерді де талқылады.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық