Өзбекстанда коронавирустың африкалық штаммы анықталды

18 Сәуір 2021, 09:50
1319
Бөлісу:
Өзбекстанда коронавирустың африкалық штаммы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен күреске қарсы арнайы комиссиясының отырысында елде африкалық штаммның анықталғаны туралы айтылды, деп жазды centralasia.media.

Елдің премьер-министрі Абдулла Ариповтің мәліметіне сәйкес, қазіргі күні Үздік технологиялар орталығы санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп ел аумағында таралған жаңа штаммды зерттеуде. 

Оның сөзінше, ел шекарасын жабу жоспарда жоқ. 

Жыл басында күніне 15 жағдай тіркелсе, қазіргі күні көрсеткіш 300-ге жетті. Тұрғындардың көбі, яғни 75 пайызы вирусты туыстарынан жұқтыруда. 14-15 пайызы жұмыс орындарында, 6-7 пайызы оқу орындарында және 11-15 пайызы қоғамдық жерлерде жұқтырады. Өткен жылы балалардың вирус жұқтыруы көрсеткіші өте төмен болса, биыл керісінше. Аурудың ағымы өзгеріп, қауіптірек бола түсті. Елге британиялық штамм еніп, балалар арасында тарады. Бірқатар мектеп пен балабақшаны жабуға туралы келді. Мектепке дейінгі балалардың вирус жұқтыру қаупі де жоғары, - деді Абдулла Арипов.
Өзгелердің жаңалығы