Өзбекстан президенті өкінішін жеткізді

19 Наурыз 2019, 23:52
2682
Бөлісу:
Өзбекстан президенті өкінішін жеткізді

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешімін үлкен өкінішпен қабылдады. Өзбекстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты "осындай шешім қабылдауға қабілетті үлкен саясаткер, әрі Президент" екенін атап өтті.

Екі ел көшбасшысы алдағы уақытта да жүйелі қарым-қатынас жасап тұруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы