Уақытша ұстау изоляторында айыпталушы өз-өзіне қол жұмсады

17 Қыркүйек 2019, 21:12
1615
Бөлісу:
Уақытша ұстау изоляторында айыпталушы өз-өзіне қол жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай аудандық полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында айыпталушының өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

"15-ші қыркүйек күні Абай аудандық полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы бойынша тергеу барысында қамауға алынған айыпталушының өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан мәйіті табылды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде, қорытындысы бойынша жоғарыдағы төтенше жағдайға жол
берген полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы