Өз көзіме өзім сенбеймін. Елбасы елорда туралы не деді?

17 Қараша 2021, 15:42
3091
Бөлісу:
Өз көзіме өзім сенбеймін. Елбасы елорда туралы не деді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Ұлы даланың нақ жүрегінде біз өзіміздің елордамызды салдық. Қазір барлығымыз осы жерде бас қосып отырмыз. Бұл аймақта кең дала болатын. Қазір бұған өз көзіме өзім сенбеймін. Шынымен де елордамыз Қазақстан тәуелсіздігінің нышанына айналды. Әлемнің басқа мегаполистерінен еш кем емес. Қазақстан дипломатиялық хабқа айналды. Еуразия үшін тағдыршешті шешімдер осында қабылданды, - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев осы қалада Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы да шешім де осы қалада қабылданғанын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы