Өз ісіңді қалай бастауға болады?

15 Сәуір 2021, 15:44
2182
Бөлісу:
Өз ісіңді қалай бастауға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экономика ғылымдарының магистрі, корпоративтік салада 10 жыл тәжірибесі бар Рауан Ерұлан бизнес ашу туралы өткен тренингте  айтты.

Әлеуметтік жоба бойынша оқыту farmetshool.kz сайтында жүзеге асырылады. Оған сертификат алған соң, бизнес-жоспар әзірлеу керек. Сертификат пен бизнес-жоспарды ccb.kz сайтында тіркеу қажет. Жобаны қорғаған соң, 4 мың доллар көлемінде грантты ұтып алуыңыз мүмкін. Содан кейін өз ісіңізді аша аласыз, - деді ол.

Рауан Ерұланның айтуынша, бұл ешбір банкке тәуелсіз әлеуметтік жоба аясында жүзеге асырылып жатыр.

Әлеуметтік жоба ауылдық жердегі әйелдердің бизнес ашуына ықпал етеді. Жоба бойынша оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Бұл жобаның бағыты бойынша осы күнге дейін нәтижелер өте көп болды. Жүздеген ауыл әйелі өз істерін ашып, табыс тапты, - дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында «COCA-COLA белестері» өз кәсібіңді ашу бойынша семинар-тренингті жыл сайын ұйымдастырып тұрады. Бизнес ашу бойынша семинар-тренингтің нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында жергілікті жерлерде 350 тренинг өтті. Ол бойынша 81 әйел грант алып, 200 жаңа жұмыс орнын ашқан.

Өзгелердің жаңалығы