Өз басына зияны тимеген соң түсінбейді. Сағынтаев карантин шараларын сақтамайтындар туралы айтты

28 Наурыз 2021, 19:40
1167
Бөлісу:
Өз басына зияны тимеген соң түсінбейді. Сағынтаев карантин шараларын сақтамайтындар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.

Әлеуметтік желелірде «ешқандай ауру жоқ, барлығын қолдан жасап жатыр» деген ақпарат әлі де бар. Бірақ әркім өз басына зияны тимеген соң, сезінбеуі мүмкін. Өзінің танысы мен достары, отбасындағы адамдар ауырып жатқан кезде түсініп жатыр. Қазір телефонмен хабарласып, «ауруханаға жатқызыңдар, алып кетіңдер» деген адам саны да көбейіп жатыр. Жедел-жәрдем барған кезде бұрын «үйде емделем» дейтін, қазір «ауруханаға алып кетіңдер» деп жатыр. Қорқыныш пайда болды, - деді Сағынтаев. 

Алматы әкімі науқастардың көбі ауру жеңіл түрде өтіп жатса да, дәрігердің бақылауында болғанын қалайтынын айтты. 

Адам баласы ғой. Өз басына іс түспегенше, маска тақпай да жүреді. Тойға да бара береді. Қазір былтырғыға қарағанда жағдай екі есе кұрделі. Бірақ денсаулық сақтау саласының дайындығы жоғары. Жаңа инфекциялық орындар ашылды. Былтыр жағдай қиын болғанда, өкпені желдету аппараттары жетпеді. Қазір біз 16 аурухананы аппараттармен қамтыдық, - деді ол. 

Сағынтаев осындай жағдайда әрбір азамат, әрбір тұрғын өзі және туыстарының денсаулығына жауапкершілік алуы керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы