Бас жаңалықтар
Шетел азаматтары Қазақстанда ойынханаларды заңсыз басқарып келген
23 Қаңтар 2019, 19:31 834

Шетел азаматтары Қазақстанда ойынханаларды заңсыз басқарып келген

Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы Бас прокуратурамен бірге 5 көлемді жедел тергеу шарасын өткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.

«Соның нәтижесінде 48 заңсыз ойын залының қызметін қадағалайтын 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл ойын залдары еліміздегі 17 қалада жұмыс істеп келген» - дейді Алмас Садубаев.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен басшылары АҚШ, Испания, Непал, Болгария, Ресей және Қырғызстан азаматтары.

«Іс бойынша 40-тан астам адам күдікті ретінде тіркелді. Осының ішінде 9-ы қамауға алынды. Қазіргі уақытта толық айғақтармен сотқа жолданған іс Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда» - дейді департамент директоры.

Сізден жаңалық