Қоянбаев әлемдік рекордты жаңарта ала ма?

26 Маусым 2020, 16:59
2757
Бөлісу:
Қоянбаев әлемдік рекордты жаңарта ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал шоумен Нұрлан Қоянбаев Іnstagram парақшасына елдің Туын жүктеп, әлемдік рекордты жаңартуға ниетті екенін жеткізді. 

Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз!, - деп жазды ол. 
Әзірге  сурет астында 709 593 пікір жазылды.
Мен instagram парақшасындағы Гиннес рекордтарын қарап отырғанмын. Ең көп пікір жинаған суреттің пікірі 5 млн-ға жеткен екен. Бір футболшыны басқа клубқа шақырып, Түркияның "Бешикта́ш" клубының жанкүйерлері пікір қалдырған екен. Футболистің парақшасына 5 млн пікір қалдырып кеткен. Ол адамды Гиннес рекордына енгізген. Ол пікір екі айдың ішінде жиналған, - деді ол. 
Қоянбаев айтқандай, осыдан кейін Туды дәріптеу мақсатында instagram парақшасында ең танымал жалауға айналып, ең көп пікір жинау идеясы туған.
 Осылайша, біздің жалауымыз әлемдегі ең танымал, ең көп пікір жинаған сурет болсын деп бір күн бұрын жүктедім. 24 сағатта 700 мың пікір жинады. Бұл Ресей бойынша рекордты жаңартты. Ел бойынша да ең көп жинаған пікір осы. Себебі, Қазақстанда ең көп пікір 50-60 мыңға жетеді. Біз бір күннің ішінде 700 мың пікір жинадық. Кешке дейін млн-ға жетеді деп ойлаймын. Бірақ ол жеткіліксіз. Халық қолдап, 5 млн-нан асырсақ деген ниет бар, - деді ол. 
Шоуменның айтуынша, бұл идеяны өзі мақсатты түрде насихаттамаған. 

Достарымыз өздерінің парақшаларына бөлісті. Бақылауым бойынша, көп оқырман жеке парақшаларына салып, бөлісіп жатыр. Республикалық деңгейде барлығына жриялап айтқан жоқпыз. Халықты міндеттемей, өз ниетімен, күшімен жинаған дұрыс деп ойладым. Бірақ, министрліктерден хабарласып жатыр. Оларға да идея ұнаған. Қолдаймыз деп жатыр, - деді Нұрлан Қоянбаев.





Өзгелердің жаңалығы